«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасының Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесе отырып, 2010 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасын іске асыра бастады. 2016 жылдан бері жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдап келеді. Жоба аясында шалғайда жатқан станциялар мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу көзделген.
Осы себепті пойыздар медициналық-санитарлық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіп, пациенттерді зертханалық әдістермен тексерістен өткізеді, қажет болған жағдайда кішігірім операциялар жасайды, жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді.
Медициналық пойыздар медициналық кабинеттер мен жоғары жылдамдықты интернет желісі жоқ өңірлерді қамтиды.
"Жәрдем" медициналық пойызының қозғалыс кестесі
05.12.2023
Медицинский поезд завершает работу30.11.2023
Медпоезд прибыл на станцию Еспе17.11.2023
Медпоезд прибудет в Жамбылскую область17.10.2023
Медпоезд прибудет в Кызылординскую область10.10.2023
Работа медпоезда "Саламатты Қазақстан"01.09.2023
Медпоезд прибудет в Атыраускую область20.08.2023
Медпоезд побывал на границе с Туркменистаном17.08.2023
Медициналық пойыз – Маңғыстау облысында10.08.2023
Медпоезд спасает жизни17.07.2023
Специалисты медпоезда помогают людям13.07.2023
Выявили опасные для жизни случаи04.07.2023
Медпоезд на станции Бауманская30.06.2023
Врачи медпоезда помогли осужденным12.06.2023
Медициналық пойыз Павлодар облысына келеді22.05.2023
Медпоезд прибудет в ВКО и область Абай22.05.2023
Ақжолтай пойыз ШҚО мен Абай облысына барады10.05.2023
Доңғалақ үстіндегі емхана – Жетісу өңірінде!10.05.2023
Медпоезд прибывает в Жетісу02.09.2022
Түркістан облысының тұрғындары медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады02.09.2022
Медицинский поезд Жардем закончил свою работу в Кызылординской области18.08.2022
Специализированный медицинский поезд «Саламатты Казахстан» завершил свою работу в Павлодарской области.18.08.2022
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Павлодар облысында жұмысын аяқтады.17.08.2022
«Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері СҚО мен Ақмола облысының тұрғындарын тегін қарайды17.08.2022
Врачи медпоезда «Саламатты Казахстан» бесплатно примут жителей СКО и Акмолинской области31.07.2022
Медпоезд начал свою работу в Павлодарской области31.07.2022
Медициналық пойыз Павлодар облысына келіп жетті31.07.2022
Поезд «Саламатты Қазақстан» завершил свою работу на Востоке страны31.07.2022
«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыс облыстардағы жұмысын қорытындылады23.07.2022
Медпоезд начал свою работу в Западно-Казахстанской области23.07.2022
Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады22.07.2022
Поезд «Жардем» завершил свою работу в Актюбинской области22.07.2022
«Жәрдем» пойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын қорытындылады11.07.2022
Медицинский поезд посетит Абайскую область30.06.2022
Жетісу облысының 6 станциясына медициналық пойыз барады29.06.2022
Консультациядан хирургиялық операцияларға дейін: «Жәрдем» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын бастады20.06.2022
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің жаңа облыстарына барады13.06.2022
«Жәрдем» медициналық пойызы Атырау облысының 8 елдімекеніне барады23.05.2022
Қазақстанда «Медициналық пойыздар» жобасы басталды23.05.2022
«Жәрдем» медициналық пойызы іске қосылды11.11.2022
Ақжолтай пойыз ауылдағы ағайынның денсаулығын түзеуге көмектесті.Еліміздің басты құндылығы – адам, ал оның денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Осы міндет жолында қолға алынған іргелі жобалардың бірі – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасы, деп newsroom.kz хабарлайды. https://newsroom.kz/nrnewsqaz1170511.html
Жоба 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Төтенше жағдайлар министрлігінің (қазір – ҚР Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитеті) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен идеясы. 2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қосылды. Біз жобаны «Денсаулық жолы» деп атадық.
2010 – 2016 жылдар аралығында медицина пойыздары шалғайдағы 1 052 бекетке барып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде шамамен 71,5 мың баланы дәрігерлік тексеруден өткізді. 1,5 миллионға жуық диагностикалық процедура, 4 мың шағын амбулаториялық ота, 19 телемедициналық кеңес жасалды. Маммологтың қабылдауында 44 мың нәзік жанды болса, тіс дәрігерлері 73 мың тұрғынға көмек көрсетті. 394 мың кесел тіркелді, соның ішінде 49,5 мыңы балаларда анықталып, 5080 жаңа пайда болған сырқат, оның 257-сі балаларда анықталды.
Медицина пойызына келген әрбір жан келесі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан тегін тексеруден өтіп, ем ала алады, олар: терапевт, стоматолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, педиатр, гинеколог, эндоскопист, кардиолог, невропатолог. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік құралдармен, шағын-операция бөлмесімен, зертханамен, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін – Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған. Осылайша, республикалық үлкен клиникалардың үздік мамандары пойыздың медицина қызметкерлері штатына желі арқылы қосылады. Онкологиялық ауруларды, туберкулезді, қант диабетін және басқа да ауыр дерттерді ерте анықтау, яғни осы ауруларды бастапқы сатысында анықтау аса маңызды.
Пойыздың жүру кестесі қашықтағы бекетте медицина пунктерінің жоқтығын ескере отырып, азаматтардың жүгінуі және мемлекеттік органдардың сұрауы негізінде жасалады. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ медицина пойыздарының қай облыстарға көптен бері бармағанына талдау жасап отырады.
2017 жылы медицина пойыздары келесі бағыттар бойынша жүреді:
«Саламатты Қазақстан» құрамы – 11 сәуірден 6 қарашаға дейін орталық, солтүстік, шығыс және батыс аймақтарға, «Денсаулық» құрамы – 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін оңтүстік және батыс аймақтарға барады.
«Денсаулық» пойызы 18 сәуірде Алматыдан шығады. Бұл құрам өз жұмысын Маңғыстау облысының Тұрұш бекетінен бастайды. 31 мамырда Атырау облысы «Нарын» бекетінде жұмысын аяқтайды. Маңғыстау және Атырау облыстарында барлығы 21 бекетті қамту жоспарлануда.
«Саламатты Қазақстан» 11 сәуірде Қарағандыдан шықты. 12 сәуріде Қарағанды облысының Жезқазған бекетінде азаматтарды қабылдауды бастады. «Саламатты Қазақстан» құрамының осы бағыттағы соңғы нүктесі – Шығыс Қазақстан облысының «Шар» бекеті. Мұнда пойыз 27 мамырда барады, науқастарды қабылдаудың соңғы күні – 30 мамыр. Бұл құрам Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында барлығы 34 бекетке барады.
www.medpoezd.kz сайтында пойыздардың жүру кестесі мен бағыты көрсетілген. Бұдан бөлек, халыққа жергілікті БАҚ арқылы да хабарланады. Халыққа жеткізу жергілікті атқарушы органдардың міндеті.
Иә, жетеді. Екі-үш сағаттың ішінде қанның көптеген параметрлері жедел анықталады. Бұлардың ішіндегі ең өзектісі – диабет. Ал, қанның құрамындағы қант мөлшері бірнеше секундта анықталады. Медицина пойыздарының негізгі міндеттерінің бірі – ауруды бастапқы сатысында анықтау. Пойыздың зертханалық жабдықтары қажет жағдайда, cito режимінде науқастардың қаны мен несебінің толық жалпы және биохимиялық анализін алуға, диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жасауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің тұруына 2 вагон бөлінген, онда қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Ыстық және суық су, биодәретханалар, душтар, теледидарлар, тоңазытқыштар, кондиционерлер бар. Азық-түлікті вагон-мейрамхана қамтамасыз етеді.
Дәрігерлердің жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін. Бірақ көп жағдайда, дәрігерлер соңғы науқасты қабылдағанға дейін жұмыс істейді және бәріне медициналық көмек көрсетеді.
Пойыздағы барлық мамандар бірінші және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер.
Науқастардың денсаулығы туралы жиналған барлық ақпарат орталық серверге келіп түседі. Қанша адамның қаралғаны және қандай диагноз қойылғаны туралы нақты статистика жүргізіледі.
«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды және 2010 жылы «Жыл таңдауы №1 Қазақстанда» халықаралық байқауында Қазақстандағы ең үздік әлеуметтік-жауапты жоба ретінде танылды. Жоба жұмыс істеген жылдардың нәтижесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары баға берді. Оған қоса, тұрғындар да оң пікір білдіруде. Олар медицина пойыздарының сапалы қызмет көрсететінін, қызметкерлердің сыпайылығын атап айтады. Шалғай аймақтардағы қарт тұрғындар үшін, медицина пойызы – білікті көмек алудың жалғыз мүмкіндігі. Олар үшін көлік медициналық қызмет көрсету өзектілігін асыра бағалау қиын.